DANIYAR`S BLOG

Just another WordPress.com weblog

Өмір сүру

Ақыл кейде тез келмей кешеулей ме?!
Сондықтан да санаңды мешеу дей ме?!
Басқа түгіл, бауырым,
Басқа түгіл,
Ұқпайды ғой, әкең мен шешең кейде!

Міндет емес өзіңнің ұрынуың.
Саған біреу шашады бұрын уын.
Тар жол, тайғақ кешуден аман өтіп,
Мүмкін тегіс жерлерден сүрінуің.

Шыққанменен қорсылдап тасқа биік,
Бола алмайды, әрине, шошқа киік.
Шошқалардың ішінде бірақ өзің
Ғажап емес кетуің босқа күйіп.

Көңіліне әкенің кіргізіп мұң,
Кейбір жастар соңында жүр қызықтың,
Мүмкін сенің өлуің,
Майданда емес -
Пышағынан безбүйрек бір бұзықтың!

Түсіп қалсаң біреудің алдауына,
Жетіп жатыр жан дауы,
Мал дауы да.
Қанша мықты болсаң да,
Мүмкін сенің
Өмір бақи жұлдызың жанбауы да!

Бәрі мүмкін, бауырым,
Бәрі мүмкін.
Жоғалады әрі ұйқың,
Әрі күлкің.
Бір кеспейді жолыңды,
Он кеседі
Сұмдық деген сұмырай кәрі түлкің.

Ал үміттің өзені талмайды ағып,
Тық-тық етіп сағаты алдайды уақыт,
Өмір сүру, бауырым, қандай қиын!
Қандай қиын!
Әйтсе де қандай бақыт!

Қазан 4, 2011 Жариялаған: | Қадыр Мырза-Әли ағаның өлеңдері | , , | Пікіріңізді қалдырыңыз

Далада

Сурет менің орнымда бұрын қызметте болған қыздың жеке папкасынан алынды

Сен далада жаяу жүріп көрдің бе?
Сүйсінесің қызғалдаққа,
Зергүлге.
Соңғы аптасы болса егер мамырдың,
Солықтайды төсін қақтап жер күнге.

Күміс бұлттар көкті сирек бүркейді,
Күн сәулесі ақ мұнарды тіркейді.
Жанап ұшып,
Жалмап өтер қарлығаш
Жолаушыны мазалаған шіркейді.

Керемет қой көктем, жаздың жамалы!
Көздің жауын алмайтын гүл шамалы.
Еркелетіп әрбір талын шашыңның
Ереді де отырады самалы.

Мамыр өтіп,
Келер ертең маусымы.
Көрінеді жатқандай боп тау сұлық.
Сияқты бір сезінесің
Балқумен
Бара жатқандай балауыздай таусылып.

Бар алдыңда бұл жеті мен ол жеті,
Біле алмадым, асығып не қажеті!
Бірте-бірте бәсеңсиді жүрісің,
Барар жерге қалам ба деп тез жетіп!

Қазан 4, 2011 Жариялаған: | Қадыр Мырза-Әли ағаның өлеңдері | , , , , , | Пікіріңізді қалдырыңыз

Қазақ рухы

Бұл жаңадан танылып келе жатқан V-Alem тобының әні. Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған. Мағыналы. Әлемнің әлемге “ұялмай” міне дейтін заманауи клипі деуге болатын шығар. Өнерлі жастар болғанымен қаражат жағы “үлкен аренада” көрінуге қол байлау. Алғашқы ән, алғашқы бейнебаян. Әзірге бұл басы… Продюсері – жігіттердің өздері.  Қателіктері болса – қатты сөге көрмеңіздер. Осындай ырғақпен талай шыңдарды бағындырарына сенімім мол. Осы топтың жаңа, алғашқы бейнебаянын қарап көріңіздер.

V-Alem тобы (Жалын ортасында)

P.S. Қуанышымның тағы бір себебі ол бұл топта жақын, сырлас досымның өнер көрсетуінде. Есімі-Жалын. Бір ауылда өскенбіз, бала кезімізден доспыз, әке-шешелеріміз де “компан” болған, бір сыныпта оқығанбыз. 7 сыныпта оқу қуып Алматыдағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепке ауысқан. Кейін Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түсті. Жастайынан өнерге жақын, әкесінің де дауысы бар жан.

Осы жылғы жаңа жылды Алматы қаласынан осы аталған топпен қарсы алған едім. Таңғалдым, бір ортақ мүдде үшін жиналған адамдар ғана емес, үлкен жанұя, бір-біріне аға-іні, ізет көрсетіп сыйласып тұрғаны өзгеше ортаға түскеніңді сезесің, ал продюсері жұбайымен (өкінішке орай аттарын ұмытып қалдым склероз) жанұясымен өнерлі, қонақжай адамдар екен. Мен өнерсіз бейбақ аузымды ашып отыруға ғана тура келді:) “Жұлдыздық аурудан” ада, барлығының кәлимасы аузында.  Сондықтан өнерін ғана емес, жеке адам ретінде өз басым құрметтеймін. Топқа сәттілік тілейік!

Қыркүйек 19, 2011 Жариялаған: | Ойлар | , , , | 4 пікір

Жертөледе туған жыр

Қасым Аманжолов

Қасым Аманжаловқа

Абай жүрек арқалап ғасыр жүгін,
Қанша абыздың бейнесін жасырды күн…
“Жаңғыртып жер сарайын келгенімде”
Жылуына тап болдым Қасым жырдың.

Жылуына оранып Қасым жырдың,
Шуағына бөлендім асыл нұрдың.
Ақ зер күнінің айналған арманына,
Жауқазыны мен едім жасыл қырдың.

Шамшырақтар сөнеді ерте неге?!
Қасым ғұмыр…дариға-ай келте деме!
Адамзаттың ақыны тіл қатыпты,
Жердің иісі аңқыған жертөледе.

Қасым от қой, найзағай жарқылдаған,
Жыр дария бастауы сарқылмаған.
Том-том кітап жазады тоғышарлар
Алтын үйде, қолында алтын қалам.

Жертөледе туған жыр, тұма бұлақ,
Осқылайды жанымды мына сұрақ.
Құлагерді құлатқан жалғыз қaзық,
Таланттарға тап болды-ау күнә-сынақ.

Тіршіліктің қарсы алып бұла таңын,
Арай күннің шапағын ұнатамын.
Жер төледе туған жыр…Күрсінемін,
Содан кейін өзімді жұбатамын.

Талқы тірлік, тағдырдың саяқ дәмі,
Басқа шығып би болған аяқтағы…
Тас үңгірде ең алғаш түскен дейді,
Құранның да алғашқы аяттары.

Дәмеленбей өмірден сый күтемін,
Сезбеймін деп пенденің күйкі демін.
Жер астында жазыпты Қожа Ахмет,
Ең керемет кемеңгер хикметін.

Қасым жыры жазылса жертөледе,
Ақын өлді демеңіз ерте неге…
Алтын сарай тудырмас ақылды өлең,
Ессіз ақын бекерге еркелеме!

Талантына бас исін ғалам көріп ,
Серпілейін тұрғанда санамда ерік.
Қасым ақын жыр жазған жертөледе
Періштелер қолына қалам беріп!

АҚЖАУЫН…

Тамыз 11, 2011 Жариялаған: | Ақжауын жырлар әлемі | , , , , , , | Пікіріңізді қалдырыңыз

Қайырлы түн, Қарағандым…

Қайырлы түн, қайырлы Қарағандым…
Келеді бал түнінде қайран қалғым!
Сұр-суық көшелерін шақырғандай,
Кеудемде қара қайғы сайран салдың!

Сайран салдың, сағат тілі аз -ақ қалды,
Арқаның ату үшін боз ақ таңы!
Тағатсыз соған қарап әйел отыр:
“Шахтерді оралта ма азап тағы?”

Азап, тағы, сол қараусыз көшелерде,
Қаңғып барад, қараусыз өтер елде…
Қан сасыған жер асты көп налиды,
Көздің жасы төтемей нөсерге де!

Нөсерге де айтып ем көп мұңымды…
Тәңірім, аяй көрме көк-нұрыңды!
Періштенің көз жасы төгілген соң,
Дұғамен жерлеп едім әр там мұңды…

Тамшы-мұңдай тарықты тамшы-ғұмыр
Талықсытқан Түленді қамшы ұрғыр!
Қарағандым…қайырлы таң тілейін,
Қайырсыз түн орнатқан қанды-тұғыр!

Ақжауын..

Тамыз 8, 2011 Жариялаған: | Ақжауын жырлар әлемі | , , , , | 2 пікір

Ниетім

Қайдасың?
Түн баласы ғашық етіп Айға шын,
Нөсер едім, өксік етіп қойғансың.
Уақыт-шіркін табалмады ем түгіл,
Серті берік сезімімнің айласын!

Жарығым!
Мендік жырдың қасиетті ары – мұң,
Арлы жырды арқа тұтып , арыдым.
Заманынан жоқ іздеген мұңлықтың,
Болар екен арқа сүйер жары кім?!

Өзгемін!
Жыр жазамын шаттығы үшін өзгенің.
Шын ниеттті тақпағайсың сөзге мін!
Ауыр оймен күрсінгенде бір қазақ,
Сыймай кетер өз кеудеме өз демім.

Білмедің!
Татқаннан соң ащы сөздің кермегін.
Тылсымымның сезбегенсің тереңін.
Мен өзінді қажет еткем АУА деп,
Ал сен болсаң бірер сәттік Жел ма едің?!

Үйреттің,
Жан болуды тек жасырын сүйетін,
Жабырқаулы көзді жұмып күлетін,
Мен бақытты ете алмасам, рұқсат ет,
Тәңірінен дұға тілеп жүретін,
өзіңменен бірге болсын НИЕТІМ…

Ақжауын

Тамыз 5, 2011 Жариялаған: | Ақжауын жырлар әлемі | , , , , | 3 пікір

Тыңдашы жаным, сен деп салған “әнім”…

 

 

Тамыз 5, 2011 Жариялаған: | Айша есімді қызға | , , , , , | 7 пікір

Шәкәрім қажының түсі

Бөрі

Көрнекі сурет

Зеңгір көкте әпсәтте күн тұтылып,
Қара дауыл ұйтқыды, жел құтырып.
Зіл қара тас басқандай кеудесінен,
Тұра алмады орнынан, үш ұмтылып…

Жер қыртысы қақырап сөгілгендей,
Айдаһардан запыран төгілгендей.
Қу бесікті құшақтап байғұс Ана,
Әлденеге зарланып егілгендей.

Абыралы, Қайнарды мұнар басып,
Кеткендей ме күн менен түн алмасып.
Көз алдында дүние шыр айналды,
Сайтан қуып жүргендей Түлен қашып.

Айналасы жын-шайтан, долы қауым,
Кәпір біткен қағып тұр қоңырауын.
Бұрымы жоқ қыз-қырқын билеп жатыр,
Ашып тастап кіндік пен омырауын.

Қариялар төменге түсіп отыр.
Шыны күбі әжелер пісіп отыр.
Ағайыны есінен алжасқандай,
Саптаяқтан сарысу ішіп отыр.

Мешіт қалып шіркеудің қалқасында,
Шайтан отыр молданың арқасында.
Жалғыз бөрі ұлып тұр көкке қарап,
Қанден иттің қап қойған ортасында.

Екі тілді адамдар, жүрегі жоқ,
Әлденеге мәз болып күледі тек.
Әзәзілді әлпештеп қалың тобр,
Соңында жүр бірдеңе біледі деп.

***

Өң бе түс пе, жетпеді ұштығына,
Шыдамады тозақтың ыстығына.
Серпіп тастап шекпенін үстіндегі,
Қажы оянды аузында: – БІССІМІЛӘ!

2008…Жидебай…түн….Ақжауын.

Тамыз 2, 2011 Жариялаған: | Ақжауын жырлар әлемі | , , , , | Пікіріңізді қалдырыңыз

Жалғыздық…жалғыз жыр…

Мен тұрмын, дәрменсіз тағыдa,
Жаз кетті жасын мұң жамыла.
Қоңыр күз салқындау қарады,
Сынық боп сырқатты жаныма.

Сезімге семсер ғып сертімді,
Санада ауыр мұң, шер тұнды.
Мезгілсіз төгілші қоңыр күй,
Қозғаған тереңнен дертімді….

Алауға боялып қызыл таң,
Жүрегім жыр-мұңға асыққан.
Құс жолы көрінбей кеткенде,
Жалғыз жыр жапанда қамыққам.

Жайдары жаз кетіп бағымнан,
Сері күн қол бұлғап сағымнан.
Қаһарлы күндерден қашқақтап,
Бейнесіз жандардай жабығам.

Шөлдеген шерімнің шерлі үні,
Айғайға тұңшықты-ау шер түні,
Жалғызға жаңғырып төнгендей
Қаңырап қайысқан жер мұңы!

Қол созсам көктемнен көктемге,
Кез болам қыраулы өктемге.
Қанатсыз шіркін-ай қамығам,
Беу-құстар топ болып өткенде!…

Ақжауын…

Тамыз 2, 2011 Жариялаған: | Ақжауын жырлар әлемі | , , , | Пікіріңізді қалдырыңыз

Cуретші болғым келген…

Джеки Чан

Кішкентай кезімде суретші, мүсінші болғым келетін. Түрлі түсті қытай қарындаштарын алып алып, шимақтап сурет салғанды, ермексазбен мүсін соққанды ұнататынмын. Келешекте суретші болатын шығармын деп армандайтынмын.

Мен достарыма қарап алдым,

Қолға қағаз, қалам алдым.

Дөңгелетіп басын салдым,

Екі сызып, шашын салдым.

Ұқсатқан жөн түрін енді,

Міне, мынау мұрын енді.

Салынды езу, құлағы енді.

Күлімсіреп шыға келді,

Ең соңынан көзін салдым,

Айнымаған өзін салдым.

Бала қиялым балалықпен алыста қалды, колледжге құжат тапсырар сәтімде, тізімде ең үстінде тұрған құқықтану мамандығын таңдай салғанмын. Шындығында апайым таңдай салды:)

Шілде 25, 2011 Жариялаған: | Ойлар | , , , | 13 пікір

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.